Жаңа бағдарлама қазақ және орыс тілінде қатар жүреді. Бұған дейін цирктің бағдарламалары тек орысша қойылатын. Өйткені, цирк бағдарламасын дайындайтын мамандар тапшы еді. Биылғы маусымнан бастап қазақ тіліндегі жобалар көбейіп келеді. Себебі, қазір цирк ұжымы мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін жас әртістермен толықты. «Сондықтан, бүгінде циркке келетін көрермен саны да артып отыр», - дейді мамандар.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ