Азия нарықтарында қор индекстері төмендеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия нарықтарында қор индекстері төмендеп жатыр

07.04.2025

АҚШ қана емес, әлемнің қор нарықтары құлдырап жатыр. Таңертең Азияның қор нарығы төмен көрсеткіштермен ашылды. Жапонияның  «Никкей»  индексі 6,3 пайызға, Гонконгтың HSI индексі 9,8 пайызға, Оңтүстік Кореяның Kospi-і 4,4 пайызға түскен. Жапониядағы үш ірі банктің акциялары 12 пайызға арзандады. Бұл инвесторлардың АҚШ-тың ғана емес, жалпы жаһан экономикасы рецессияға ұшырауы мүмкін деген алаңдаушылығын көрсетіп отыр.

Тариф дауын бастаған президент Дональд Трамп болса, нарықта не болатынын айта алмаймын, алайда АҚШ қазір әлдеқайда мықты, деп мәлімдеді.

Арай Төлегнеқызы

Хабарламаларға жазылу