Наурыз мерекесі – көктем мен жаңарудың, береке мен бірліктің бастауы. Осылай деген Алматы Халықаралық әуежайы мейрамды ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, қазақтың салт-дәстүрлері дәріптелді. Келгендерге Наурыз көже мен өзге де ұлттық тағамның түр-түрі ұсынылды. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өнер майталмандары айналаны ән мен күйге бөледі. Сахналық қойылымдар көрсетіліп, түрлі ойындар өткізілді. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
Данияр Алтыбаев, Алматы Халықаралық әуежайы кәсіподақ ұйымының төрағасы:
Наурыз мерекесін қалай мадақтасақ та, өзіміздің төл мерекеміз. Менің ойымша, мағынасы да, мәні де бар. Халықты, өзіміздің отандастарымызды Наурыз мейрамымен құттықтаймыз.
Жазира Оразқызы
