Мұнда көпшілік назарына отандық суретшілердің туындылары қойылған. Олардың көпшілігі Париждегі Гран-Паледе, Мәскеудегі Третьяков галереясында, АҚШ-тағы «Factors of Visual Art» Халықаралық бейнелеу өнері байқауларына ұсынылған еңбектер. Мәскеу, Венеция, Сидней, Киев, Шарджа биенналелеріне қатысу біздің суретшілер үшін жақсы дәстүрге айналған. Жетпіс қылқалам шеберінің жүзге жуық туындылары АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Кореяда өтетін көрмелерге қойылады.
Батима Зауырбекқызы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
- Қазақстанның суретшілері көрме ұйымдастырып жатыр. Бұл шараның мақсаты - елімізді шетелге таныстыру.