Жаңа кітап оқырманға жол тартты. Семейде жазушы, «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің жеңімпазы Қуат Қиықбайдың «Бейуақыт» атты еңбегі жарық көрді. Кітапқа Қабдеш Жұмаділов, Несіпбек Дәуітайұлы, Асқар Алтай сынды қазақтың маңдайалды қаламгерлерінің де туындылары енген. Шара барысында жасөспірімдер театры автордың оқырманға кең тараған «Қалада жүрген қар қызы», «Орал», «Тоты құс» әңгімелері желісімен дайындалған шағын қойылымдарды сахналады.
Қуат Қиықбай, кітап авторы:
- Мәдениетті мансұқ етпей, әдебиетті әлсіретпей, керісінше, өнерді өрістетуге үлес қосып жүрген біраз адамдардың көңіліне жағатыны, проза саласы осындай қолдау тауып отыр. Орта буынға да, үлкен буынға да, жастарға да ой саларлық, сүйекті сюжеттер, ойлы орамдар бар.
Дарын САҒИТОВ