Биыл Оңтүстік өңірге жүргізілген экспедиция нәтижесінде мамандар халық аузында жүрген 40-қа жуық күй, 20-ға тарта ән жазып алған. Тағы сол сияқты жарапазан, жоқтау, сыңсу, жар-жар дәстүрінің ерекше үлгілері де осы өңірден табылды. Енді музей қызметкерлері бұл мұраларды сақтап қана қоймай, өскелең ұрпаққа насихаттауды жоспарлап отыр. Мемлекет қолдау танытса, экспедиция жұмыстары келер жылы да жалғаспақ.
Ақан Оңғарұлы, ҚР Ұлттық музейі «халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы:
- Әр жиналған мұра ерекше. Әсіресе, соның ішінде қолөнер, музыкалық өнер бойынша жинақталған туындыларды ерекше атап өткіміз келеді. Себебі, бұрын жарық көрмеген, жазылмаған термелерді жазып алдық. Бұл арқылы ұлттық қорды қалыптастырмақпыз.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ