200-ден астам туындыда қазақ халқының тұрмысы мен салты айшықты баяндалған. Жалпы, ол Еуропаға, Орталық Азия, оның ішінде Жетісу өңірін кеңінен танытқан адам. Ал, көрмеге қойылған суреттері өз елінің этнографиялық музейінде сақталып, 20 жылдан бері еш жерге шығарылмапты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында саяхатшының құнды еңбектері жұртшылыққа ұсынылды. Сондай-ақ, Дьердь Алмаши Орталық Азия туралы 700 бетті кітап жазып қалдырған. Ол ағылшын және орыс тілдерінде жарық көрген. Енді қазақ тіліне аудару жоспарланып отыр.
Дархан Қыдырәлі, Түркі академиясы халықаралық ұйымының президенті:
- Ғалым адам болған, текті әулеттен шыққан, граф болған. Еуропаға қазақ өміріне, қырғыз өміріне қатысты көптеген мәліметтерді жеткізуші ғалым. Сондықтан, оның мұрасы қазақ жеріне келуі құндылық деп есептейміз. Алмашиға Жетісу жерінде Алматыда ескерткіш тақта орнатуды дұрыс деп ойлаймыз.
Нысаналы ЫҒЫМ