Маңғыстауда 5000 адам ұлттық киіммен әлемдік рекорд орнатты. Гиннестің рекордтар кітабына енген ұлттық киім мен салт-дәстүрді паш еткен шара жайында Аягөз Оралбайқызы жалғастырады.
Ұлттық киімдерімізді ұлақтайтын шараға 6 мыңға жуық адам қатысуға ниет білдірген. Қазір алаңға соның 4 мыңға жуығы арнайы тексеруден өтіп келуде. Жиналғандар саны 5 мың болған кезде, рекорд орындалады. Айта кетейін, шараға өзге де өңірлерден тұрғындар арнайы келіп қатысуда.
Фестивальге жиналған халықтың көңіл-күйі ерекше көтеріңкі болды. Мәдени мұраны насихаттауға шалғайдағы ауыл тұрғындары да, жастар мен қариялар да атсалысты. Бірі ата-бабадан қалған асыл мұраларды кисе, енді бірі ұлттық киімдердің жаңартылған үлгілерімен көзге түсті.
Жақсыгүл Қажбанова, Атырау қаласының тұрғыны:
Өз үлесімді қосайын, патриоттық елімді, мекенімді көрейін, тойлайын деген арнайы ниетпен келдім. Бүгінде менің үстімдегі образ әже жасындағы киім.
Алтынбек Тұрарбеков, Ақтау қаласының тұрғыны
Бұл менің Тұрарбек деген кәкемнен қалған жадағайы. Әжем өзі қолдан сырып тіккен. Іші түйенің жүні. Ескінің көзі деп, осылай киіп тұратыным бар.
Қатысушыларға Ұлыбританиядан келген Гиннесс рекордтар кітабының ресми өкілдері есеп жүргізді. 5 мың адам тіркеліп, талаптар орындалған соң, Қазақстанның жаңа әлемдік рекорд иесі атанғанын дәлелдейтін арнайы сертификат табысталды.
Аягөз Оралбайқызы
