Тұрғындар Ұлттық құрылтайда қозғалған мәселелерге қатысты пікір білдірді
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер өзекті. Бұл тұрғындардың пікірі. Әсіресе интернет алаяқтар, тасада қалған кейбір театрлардың мәселесіне Мемлекет басшысының көңіл аударуы қуантады деп отыр.
Алматы қаласының тұрғыны:
Президентіміз қозғаған өзекті мәселе – интернет-алаяқтық. Кез келген адам ол жерде өз-өзін қорғай алмай қалып жатады. Үлкен кісілер, жастар да алданып жатыр. Менің айналамда да алданып жатқандар бар. Осы мәселені реттеуді қолға алып жатқаны өте өзекті.
Қызылорда қаласының тұрғыны:
Өнер саласына, театр саласына Президентіміз Ұлттық құрылтайда мән берді. Жасырмай шындығын айтты. Көп театрлардың жағдайы мәз емес екеніне тоқталып өтті. Осы салада көп қаржы бөліп, жүйелеу керек. Театр, кино өнеріндегі мәдениет арқылы біз қоғамды, өзіміздің ұлттық болмысымызды сақтап қала аламыз.
Ақтау қаласының тұрғыны:
Бүгінде әлеуметтік желіге бесіктен белі шықпай жатып кірген көп жастың ертеңгі бойына құндылық сіңбегеннен кейін ертеңгі тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіп, тиранға айналып кетуі мүмкін. Бұл - қоғам үшін өте қауіпті. Сондықтан Ұлттық құрылтайда айтылған құндылық мәселесі өте өзекті деп санаймын.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Профессор: Геологиялық картаны цифрлық жүйеге көшіру маңызды
09.09.2025, 17:49

Тоғызқұмалақ күні әлемнің 50 елінде аталып өтуде
09.09.2025, 14:47
СҚО-да бос жерлер мен ормандар мемлекетке қайтарылуда
09.09.2025, 14:41
Эстонияның порттары Қазақстанмен ынтымақты нығайтуға ынталы
09.09.2025, 14:38
Таиландта сот экс-премьерді 1 жылға қамау туралы шешім шығарды
09.09.2025, 14:35
Израиль Газа секторындағы шабуылдарын үдетпек
09.09.2025, 14:33
Руслан Желдібай ҚР Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды
09.09.2025, 14:31
ШҚО-да еркін экономикалық аймақтар құрылмақ
09.09.2025, 14:29