Құрылтай: Халықтың жалған ақпаратқа қарсы иммунитеті болуы қажет
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелер көтерілді. Жиында қозғалған тақырыптарға қатысты халық пікірі осыған саяды.
Жетісу облысының тұрғыны:
Барлық көтерілген мәселелер орынды. Соның ішінде менің көңілімде жүрген ономастика мәселесі жөнінде. Біздің Ақсақалдар алқасына көптеген ауыл азаматтары келеді. Әкелерінің атын көшеге беруді, ескерткіш қоюды сұрайды. Соның бәріне жауап таппай жүретінбіз. Мінеки соған нүкте қойылды.
Шымкент тұрғыны:
Ақпараттар ағыны толассыз келіп жатқан кезде оның қандай ақпаратқа негізделгенін анықтау және қайсысын таңдау қиынға соғатын. Сенімділігіне күмән туады. Осы орайда Мемлекет басшысының ақпараттар желісінде адамдардың ар-намысына тиетін сөздер, буллингтер, жалған коучтар туралы айтқаны көңіліме қонды.
Көкшетау тұрғыны:
Әлеуметтік желіде қазір жалған алып-қашпа ақпарат, фейк қаптап кетті. Кейбір ауылдарда су тасқыны болып жатыр деп әлеуметтік желіде халықты дүрліктіреді. Ол дұрыс емес, әрине. Яғни түймедейді түйедей етіп жіберіп жатыр. Сондықтан оған тосқауыл қоюымыз керек. Халықты соған тәрбиелеуіміз керек. Оған иммунитетіміз болуы қажет.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Профессор: Геологиялық картаны цифрлық жүйеге көшіру маңызды
09.09.2025, 17:49

Тоғызқұмалақ күні әлемнің 50 елінде аталып өтуде
09.09.2025, 14:47
СҚО-да бос жерлер мен ормандар мемлекетке қайтарылуда
09.09.2025, 14:41
Эстонияның порттары Қазақстанмен ынтымақты нығайтуға ынталы
09.09.2025, 14:38
Таиландта сот экс-премьерді 1 жылға қамау туралы шешім шығарды
09.09.2025, 14:35
Израиль Газа секторындағы шабуылдарын үдетпек
09.09.2025, 14:33
Руслан Желдібай ҚР Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды
09.09.2025, 14:31
ШҚО-да еркін экономикалық аймақтар құрылмақ
09.09.2025, 14:29