Ел азаматтары Құрылтайда шешімі айтылған өзекті тақырыптарға үн қосты
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Ел азаматтары да жиында қозғалған тақырыптарға қатысты пікір білдірді.
Жетісу облысы
«Өркениетке ел болып ұмтылу - барша қазақстандықтың міндеті. Қабілетті ұлт дегеніміз осы» деген Мемлекет басшысының сөзі меніңше Құрылтайдың арқауы, үлкен тұжырымы да сол. Енді біз ел болып сол тұжырымнан қорытынды шығарып, сол тұжырымның орындалуына жұдырықтай жұмылып атсалысу міндетіміз.
Шымкент қаласының тұрғыны
Өкінішке орай арзан күлкіге негізделген кинофильмдер шығып жатыр. Бейәдеп сөздер айтылып оны отбасымен бірге көре алмайсың. Сондықтан осы мәселені Президент айтты. Бұдан былай кинолар комиссияда қаралады. Жекеменшік студия шығарса да, мемлекет шығарса да кино мәселесінде сын болуы керек деді Мемлекет басшысы. Осы мәселе менің ойымнан шықты.
Қостанай қаласының тұрғыны
Қалаларды дамыту, моноқалаларды дамыту - ол да үлкен мемлекеттік іс-шараның бірі. Сондықтан Арқалық қаласының әуежайын қайта қалыпқа келтіру, аэровокзалды заманға сай салу жоспардағы тұрған үлкен іс болуы тиіс.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Профессор: Геологиялық картаны цифрлық жүйеге көшіру маңызды
09.09.2025, 17:49

Тоғызқұмалақ күні әлемнің 50 елінде аталып өтуде
09.09.2025, 14:47
СҚО-да бос жерлер мен ормандар мемлекетке қайтарылуда
09.09.2025, 14:41
Эстонияның порттары Қазақстанмен ынтымақты нығайтуға ынталы
09.09.2025, 14:38
Таиландта сот экс-премьерді 1 жылға қамау туралы шешім шығарды
09.09.2025, 14:35
Израиль Газа секторындағы шабуылдарын үдетпек
09.09.2025, 14:33
Руслан Желдібай ҚР Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды
09.09.2025, 14:31
ШҚО-да еркін экономикалық аймақтар құрылмақ
09.09.2025, 14:29