Ұлттық арна тапсырысымен «Балет. Бекзада өнер бесігі» деректі фильмі түсірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна тапсырысымен «Балет. Бекзада өнер бесігі» деректі фильмі түсірілді

20.11.2017

Ұлттық арна деректі фильмдер түсіруге ден қойды. Сондай талпыныстан «Балет. Бекзада өнер бесігі» атты туынды шықты. Мұнда Елбасының идеясымен жүзеге асқан Қазақ ұлттық хореография академиясы негізге алынған. Фильмнің авторы әрі продюсері Динара Сәтжан балет өнерінің қыр-сырын көрсетіп, шыдамдылық, ұстамдылық пен мінезді талап ететін мамандықты кез келген қабілетті адам меңгере алатынын жеткізуді көздеген. Өйткені, балет туралы ел арасында әсіресе, шалғай ауылдарда түсінік аз. «Бірақ, сол жерлерде нағыз талантты ұлдар мен қыздар өсіп жатыр»,-дейді. Сол үшін академия мамандары жылда елді мекендерді аралап, өнерлі өрендерді іздейді. Фильмнің басты кейіпкерлері Әли, Тамила және Камиланы да солай тапқан. Олар болашағын балетпен байланыстырады. Жаңа туынды арнадан желтоқсанда көрсетіледі. 

Асқар Әшімов, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының директоры:

- Мәдени нысандар жайлы топтаманың алғашқы туындысы. Бұл жобаның мақсаты - мәдениет пен өнердегі жетістіктерді насихаттауға бағытталған арнайы жобаларды дамыту. Осы бағытты әрі қарай жалғастырамыз. Мұны мотивациялық фильмдер қатарына жатқызамыз.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу