Қостанай облысында республикалық маңызы бар жолды су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында республикалық маңызы бар жолды су басты

17.03.2025

Қостанай облысындағы Жітіқара ауданында Желқуар өзенінің үстінен өтетін республикалық маңызы бар жолды су басты. Бұл Қазақстан мен Ресей шекарасындағы бейтарап аумақ. Көтерме жолдан асып ағып жатқан судың тереңдігі 20 см, ұзындығы 70 метр. Су деңгейінің көтерілеуіне күннің күрт жылынуы себеп болған. Қазір көлік қозғалысы шектелді. 

Мәдина Нағашыбай

Хабарламаларға жазылу