Алматы облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 500 млн-шы даналары оқырманға жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 500 млн-шы даналары оқырманға жол тартты

07.11.2017

Өңірдің айнасына айналған екі басылым да келер жылы 100 жылдығын атап өтпек. Мерейтой қарсаңында газет басшылары БАҚ өкілдерімен кездесіп, алдағы жоспарлармен бөлісті. Ғасырлық кезеңде түрлі атаулармен және бірнеше қаріпте басылып шыққан газеттердің ең басты қағидаты - халықпен бірге болу. Бұл ұстаным әлі де жалғасып келеді. Екі басылым да, білікті кадрлардың ұстаханасына айналған. Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігін халыққа жарыса жазып жүрген қос басылым да, ғасырлық тойын ауқымды шаралармен есте қалдырмақ. 

Әміре Әрін, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы:

 - Газеттің ең басты олжасы ол жастар деп есептеймін. Жастар шынында да біздің болашағымыз. Бүгінгі жас журналистер олар ертеңгі газеттің бір-бір басшысы. Жалпы, журналист деген ол саяси қайраткер деген сөз. Ертеңгі күні олар сөз жоқ өздерінің қаруы қаламмен қазақ халқының руханиятын одан әрі жануына-жандануына үлес қосатындығына кәміл сенемін. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу