Дәл қазір қаланың барлық жерінде Астана күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр. Ал Конгресс-холл жақтағы орталық алаңда №1 музыкалық мектептің оқушылары мен ұстаздары ән мен жырды төгуде. Бірі бұралып, би билесе, енді бірі күмбірлеген күміс күймен көрерменді тебірентті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан тыңдарман көптеп жиналып, мейрамды шаттанып қарсы алуда. Қала конақтары да Астананың 18-жылдық мерейтойында ән мен жырдан сусундап, мәз-мейрам.
Ләззат БЕКТАС