Алматыда ЖИ білім жүйесіне енгізіле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ЖИ білім жүйесіне енгізіле бастады

06.03.2025

Алматыда ұстаздар мен оқушыларға арналған жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін көмекші таныстырылды. Қысқаша түсіндірсек, «Qamqor» қосымшасына бірнеше электронды оқулықтың мазмұны кіріктірілген. Жасанды зият сол кітап шеңберіндегі кез келген сұраққа жылдам жауап тауып, оқу материалын тиісті тақырыпқа қатысты өңдеп бере алады. Бұл мұғалімнің уақытын үнемдеп, оқу процесін автоматтандыруға және білім беру мүмкіндіктерін барынша пайдалануға септігін тигізеді. Жоба «Алматыкітап» баспасы ұйымдастырған «Leader Topiq» сайысы негізінде қолға алынған. Интеллектуалдық бәсеке заманауи білім беру ісінде цифрлық технологияларды қолдана отырып, оқыту әдістемесін жетілдіруге бағытталған.

Әсима Рысқұлбекова, «Алматыкітап» баспасының вице-президенті:

Биылғы конкурстың артықшылығы – ұстаздар қауымының білім беру процесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді кіріктіре отырып, білім беру платформаларын, электрондық оқулықтарды, күнделікті сабақта ұтымды қолдана білуге баулу және тәжірибелерін дамыту.

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу