Наурыз-маусым аралығында 20 мың азамат көктемгі әскерге шақыртылады. Қорғаныс министрлігінің дерегінше, болашақ сарбаздар биыл әскери коммесариатқа SMS хабарлама арқылы шақыртылады. Ал медициналық іріктеуден толық өткендерге жеңілдіктер ұсынылады. Мысалы, несиесі барлардың төлем уақыты автоматты түрде шегеріледі. Әскерде жүріп кәсіптік білім алуға да болады. Ал міндетін өтеп келген соң белгілі мамандық бойынша грантқа оқуға түсе алады. Қазіргі уақытта 17 жасқа толған ер азаматтардың ақпараттық базасы құрылған. Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарғандармен Ішкі істер министрлігі жұмыс істейді.
Фархат Айдарбаев, ҚР Қарулы күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары:
Азамат оқып жатыр ма, денсаулығы қалай? Немесе әскерге шақырылуға тиісті ме? Қандай да бір отбасылық жағдайға байланысты әскерден босатылған ба? Бүкіл мәлімет ішкі істер органдарында болады. Ал әскерден жалтарып, келмей жүрген жағдайда ішкі істер органдары құзырындағы құқығымен әкелуге тиіс.
Оңғар Алпысбай
