Алматыда ұстаздар мен оқушыларға арналған жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін көмекші таныстырылды. Қысқаша түсіндірсек, «Qamqor» қосымшасына бірнеше электронды оқулықтың мазмұны кіріктірілген. Жасанды зият сол кітап шеңберіндегі кез келген сұраққа жылдам жауап тауып, оқу материалын тиісті тақырыпқа қатысты өңдеп бере алады.
Бұл мұғалімнің уақытын үнемдеп, оқу процесін автоматтандыруға және білім беру мүмкіндіктерін барынша пайдалануға септігін тигізеді. Жоба «LEADER TOPIQ» сайысы негізінде қолға алынған. Интеллектуалдық бәсеке заманауи білім беру ісінде цифрлық технологияларды қолдана отырып, оқыту әдістемесін жетілдіруге бағытталған.
Ернұр Медет
