Бір донор 3 науқасқа екінші өмір сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір донор 3 науқасқа екінші өмір сыйлады

03.03.2025

Үш адамға екінші өмір сыйлаған донор. Солтүстік Қазақстан облысының 63 жастағы тұрғыны қайтыс болғаннан кейін, оның туыстары ағзасын мәйіттік донор ретінде пайдалануға рұқсат берді. Жүрегі Алматыдағы науқасқа трасплантацияланды. Бүйрегі екібастұздық тұрғынға салынды. Ал бауыры 5 баланың анасы 43 жасар Назым Шоқановаға бұйырды. 5 жылдан бері бауыр циррозымен ауырған ол, соңғы уақытта тіпті аяғын баса алмай қалған. Туыстары арасынан да сәйкес донор табылмапты. 1 ай бұрын операция сәтті өтіп, бүгін ауруханадан шықты.

Назым Шоқанова, қала тұрғыны:

2022 жылы кезекке қойды. 2 жыл күттім. 3 ақпанда хабарласып, мәйіттік донордың ағзасы салынды. Көп рахмет айтамын, бала-шағасына, жұбайына. Қазір бұрынғыдан әлдеқайда жақсымын. Бұрын мүлдем жүре алмай қалдым ғой. Билирубинім 300 болып кетті ғой. Бәрі тегін жасалды. Ешқандай ақша төлеген жоқпын.

Абылайхан Шарменов, Ұлттық ғылыми онкология орталығының хирургі:

Бұл науқасқа біз 10 сағат ішінде салдық. Кішкене қиындық болды. Астанада қалың тұман түсіп, донорды әкелген санавиация ұшағы қона алмады. Сондықтан Қарағандыға барып қондық. Көлікпен келдік. Операция 7 сағатқа созылды. Сәтті өтті.

Ұлттық ғылыми онкология орталығы елімізде алғаш рет 2013 жылы бауыр трансплантациясын жасады. Содан бері 100-ден аса операция сәтті өтті. Ағза алмастырудың 80%-ы туыстық, 20%-ы мәйіттік донордың көмегімен жүзеге асқан.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу