Бауырлас ұлттар ізгі лебіздерін білдіруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауырлас ұлттар ізгі лебіздерін білдіруде

01.03.2025

Мыңдаған отбасы Орта Азияға қоныстанды. Кей деректерде Солтүстік Кавказдан келгендердің саны 500 мыңдай болған деседі. Күштеп қоныс аударылған халықтың әрбір төртіншісі көш кезінде және қоныстанудың алғашқы жылдарында қайтыс болды. Бүгінде қазақ жерінен пана тапқан бауырлас ұлттар қазақтан көрген жақсылығын үнемі айтып отырады. Мысалы Ақмола облысының Атбасар және Сандықтау аудандарында шешен-ингуш ұлтының 5 мыңнан аса өкілі тұрады. Олар да бүгінгі мерекеге орай ізгі лебіздерін білдіруде.

Руслан Әубәкірұлы ауыл тұрғыны:

Қазір бізде ренжуге ешқандай себеп жоқ. Үкіметіміз салық төле, балаларды оқыт, көбейт, жұмыс істеңдер деп жатыр. Мен қазақтармен доспын.

Жамул Мусханов «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі:

Қазақ халқы шешендер мен ингуштер үшін бауырлас халық. Себебі, өздеріне қиын кездердің өзінде олар бізбен соңғы тілім нанды бөліскен. Сол қазақ бауырларымыздың көмегінің, демеуінің арқасында біз осында аман қалып, өсіп-өндік. Кез келген қазақ игуш немесе шешен еліне барса оны ең құрметті қонақ қылып құшақ жая қарсы алады.

Аубакир Зарахов, зейнеткер:

Қазаққа алғыс айтамыз. Біз мұсылманбыз, намазымыз бір, ішетін тамағымыз бірдей. Қазақ-ингуш деп бөліну бізде жоқ. Кез келген жанға үйге келдің бе, жоғары шық, шәй іш деп қарсы аламыз.



Хабарламаларға жазылу