Өнер майталмандары жылы лебізін білдірді.
Болат Әбділманов, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Алғыс айту күні – шынында да, елдің, мемлекеттіліктің белгісі. Сондықтан да еліміз аман болсын! Заман тыныш болсын! Барлық ұлтқа пана болған, қиындықта сая болған қазақ елі, қазақ жері аман болсын!
Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртісі:
Алғыс айту күні ең алдымен менің тыңдарманыма, көрерменіме рахмет айтамын. Сахнадағы 50 жыл өмірім сіздермен бірге өтіп жатыр. Мен бақытты анамын, бақытты әншімін. Барлығы еліміздің береке-бірлігінде, еліміздегі бейбітшілік, еліміздегі достықта.
