Ұлттық музейде «Аруақтың түсі» атты көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде «Аруақтың түсі» атты көрме ашылды

30.10.2017

«Аруақтың түсі». Ұлттық музейде осындай атаумен көрме ашылды. «Қазақстанның заманауи өнері тарихындағы тұлғалар» жобасында осы жолы Молдақұл Нарымбетовтың жұмыстары қойылған. Оның ішінде кескіндемелік жұмыстар, инсталляциялар, суретшінің қатысуымен түсірілген видеоперформанс және деректі фильмдер де бар. Молдақұл Нарымбетов - Қазақстанның ғана емес, Орталық Азия аумағында заманауи өнердің дамуына зор үлес қосқан «Қызыл Трактор» арт-тобының белді мүшесі болған. «Өзі өмірден озғанымен, артында қалдырған баға жетпес жұмыстары біз үшін құнды мұра әрі үлгі», - дейді әріптестері.

Ысмайыл Баялиев, «Қызыл трактор» тобының мүшесі:

- Өте ауыр, қиын кездерде жазылған суреттер көпшілігі. Одан кейін ол музыкант ретінде көп танылды. Абстракцияда көбінесе ағаштармен шұғылданған. Ағашты ойып қашап, музыкалық аспаптар жасаған.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу