Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл

01.03.2025

Татулықты ту еткен институт 1995 жылғы 1 наурызда жұмысын бастаған еді. Қазір оның құрылымында 583 адам тұрақты түрде жұмыс істейді.

Конституциялық реформаның нәтижесінде 2007 жылы Ассамблеяға конституциялық мәртебе берілді. Мемлекет басшысы Ассамблеяның ұсынысымен Парламент Сенатының 5 депутатын тағайындайды. Қазіргі уақытта елімізде 1000-нан астам этномәдени бірлестік жұмыс істеп тұр. Өңірлерде 32 Достық үйі бар. 32-сессияда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі» ордені – мемлекеттік награда ретінде белгіленді.


Хабарламаларға жазылу