Канадалықтар миллиардер Илон Маскті азаматтығынан айыруды қалайды. Петиция жарияланып, оған 250 мыңдай адам қол қойған. Бұл сан 500 мыңнан асса, үкімет жауап беруге міндетті. Петицияда айтылғандай, Маск өзінің байлығы мен ықпалын пайдаланып, Канаданың егемендігін жойғысы келеді.
Миллиардер бұған жауап бере отырып, әлеуметтік желідегі парақшасында «Канада шын мәнінде мемлекет емес» деп жазған. Бірақ көп кешікпей ол посты өшіріп тастаған. Илон Маск Канадаға 18 жасында Оңтүстік Африкадан көшіп барып, азаматтық алды. Кейін Құрама Штаттарға қоныс аударған. Қазір «Тесланың» бас директоры студент кезінде АҚШ-та заңсыз жұмыс істеді деген себеппен назарға ілігіп отыр. Алайда Масктің өзі Америкада рұқсатсыз еңбек еткенін жоққа шығарды.
Арыстан Рысбек
