Басты Жаңалықтар Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz» қоры жабылады

Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz» қоры жабылады

Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz» қоры жабылады. Бұл туралы Әділет министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Бірер апта бұрын Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қордың мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану және мәжбүрлеп тарату туралы талап-арыз түсткен. Оған Қаржылық мониторинг агенттігінің қоғамдық бірлестікті құру кезінде жіберілген заң бұзушылықтарға байланысты тіркеуді жою рәсімін бастау туралы хаты негіз болған. Қор 2021 жылдың 11 қазанында тіркелген.

Еске салсақ, қайырымдылық қордың құрылтайшысы болған Перизат Қайрат «көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.

Асылбек Данияр

Бөлісу