Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрді қабылдады. Кездесуде Олжас Бектенов Президентке экономиканы әртараптандыру мен нақты сектордағы ауқымды бағдарламаларды дамыту жайлы есеп берді. Сондай-ақ жылыту маусымын өткеру, көктемгі егіске және су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы айтты.
Ал Мемлекет басшысы инфрақұрылымды жетілдіруге, энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға қатысты міндеттерді іске асыру үшін жүйелі шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті. Экономиканың қарқынды өсімін және әртараптандыруды қамтамасыз ету жұмыстары да жандануы тиіс.
Асылбек Данияр
