Басты Жаңалықтар «Странджа» турнирі: Үш боксшы келесі кезеңге жолдама алды

«Странджа» турнирі: Үш боксшы келесі кезеңге жолдама алды

Болгарияда осымен 76 рет өтіп жатқан халықаралық «Странджа» турнирінің алғашқы жарысында шаршы алаңға шыққан 4 боксшымыздың үшеуі келесі кезеңге сәтті өтті. 57 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Дәулет Молдашев бірінші жекпе-жегінде әзербайжан боксшысына жол берді. Ал 67 келіге дейінгі салмақта рингке көтерілген Санатәлі Төлтаев болгар боксшысын 5:0 есебімен жеңді.

Сондай-ақ, 60 келідегі Серік Теміржанов пен 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Төрехан Сабырхан жекпе-жексіз келесі кезеңге өтті. Олар өзбектандық олимпиада чемпиондарымен жұдырықтасу керек болған. Алайда қарсыластың бірі жарақатына байланыста бас тартса, енді бірі кәсіпқой бокстағы жекпе-жегінің өту уақыты өзгеруіне байланысты жарыстан тыс қалды.

Асылбек Данияр


Бөлісу