Маңғыстау облысында құмар ойынын заңсыз ұйымдастырғандар сотталды
Маңғыстау облысында заңсыз құмар ойыны бизнесін ұйымдастырған айыпталушыларға сот үкімі шықты. Күдіктілер Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі айтты. Қылмыстық топ мүшелері қатысушылардан бәсті банк аударымдары арқылы қабылдаған. Кейін арнайы платформаға тіркеп, ойынға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме беріп отырған. Осы арқылы 77 миллион теңге табыс тапқан. Тергеу барысында осы қаржының 36 миллион теңгесіне екі автокөлік сатып алғаны анықталды. Қылмыстық жолмен алынған автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленген.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
СҚО-да ғылым мен тәжірибенің арқасында сүт өнімі артып келеді
11.09.2025, 18:40

Елена Рыбакина жас теннисшілермен кездесті
11.09.2025, 17:51
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған спорт секциялары көбейеді
11.09.2025, 17:48
Дзюдодан Азия кубогында Қазақстан құрамасы 4 медаль алды
11.09.2025, 17:45
ӘЧ: Алты боксшы келесі кезеңге өтті
11.09.2025, 17:42
Қарағанды облысында «Жауынгерлік достастық – 2025» тактикалық оқу-жаттығуы қорытындыланды
11.09.2025, 17:39
Маңғыстау облысында қоқысты заңсыз төккендер жазаланды
11.09.2025, 17:36
Таразда «Тектұрмас» тарихи-этномәдени кешені аумағын тазартты
11.09.2025, 17:33