Иордания Хашимит корольдігіне ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты Әл-Хусейния сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысын Король екінші Абдалла бен әл-Хусейн және Тақ мұрагері күтіп алды. Мәртебелі мейманды қарсы алу рәсімінде Құрмет қарауылы сап түзеп, әскери оркестр екі елдің әнұранын шырқады. Содан кейін олар келіссөз залына өтті.
Шерхан Жамбылұлы
