Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия апат болған «Жомарт» кенішінде жұмысын бастады.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Мемлекеттік комиссия Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен құрылған. Олардың мойнына апатты толық зерттеп, себеп-салдарын анықтау, істің заңды жүргізілуін қамтамасыз ету жүктелді. Комиссияны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. Қазір комиссия мүшелері апат болған «Жомарт» кенішіне жолға шықты.
Оңғар Алпысбайұлы
