Қарағанды облысында бүркітші Тілеуғабыл Есенбеков елдің рухани жаңғыруына тамаша тарту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында бүркітші Тілеуғабыл Есенбеков елдің рухани жаңғыруына тамаша тарту жасады

03.10.2017

Құсбегі өзінің жылдар бойы жинаған құнды дүниелерін мұражайға табыстады. Өмірінің 30 жылын бүркітшілікке арнаған жан тәуелсіздік алғаннан соң атадан мирас болған өнердің қайта түлеуіне атсалысты. Австарияға дейін барып, еурапалықтарға қазақтың құсбегілік өнерін паш етті. Тілеуғабыл Есенбеков Арқа жерінде бүркітшілер мектебін қалыптастырды. Құсбегінің мұражайға тапсырған дүниелерінің арасында тұғыр, томаға, балақбау, жемсаптаяқ сынды өзінің тұтынған дүниелері мен фотосуреттер музей төрінен орын алды.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу