Қазақ балалар хирургиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев өмірден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ балалар хирургиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев өмірден озды

12.02.2025

Қазақ балалар хирургиясының негізін қалаған Камал Ормантаев дүниеден өтті. Академиктің қайтыс болғанын оның ұлы Жарас Ормантаев хабарлады. Камал Ормантаев – педиатр, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ғылымға еңбегі сіңген, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 20 мыңға жуық отаға қатысқан. Медициналық зерттеулер жасаған. Қазақстанда бірінші болып балалардың туа біткен пектус экскаватасына торакопластика жасады.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу