Астанада құны 1,8 млрд теңге болатын зәулім үй сатылымға шығарылды. Мүлік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі болуы мүмкін. Себебі аукционға шығарылған фотосуреттер 2022 жылы Кәрім Мәсімов ұсталғаннан кейін жарияланған кадрлармен сәйкес келеді. «Қайтарылған активтерді басқару» компаниясының дерегінше, 25 ақпанда E-Qazyna веб-платформасында электрондық сауда өткізіледі. Зәулім үй - Нұра ауданының Ерейментау-1 мекенжайында орналасқан. Кепілдік жарнасы - 117,9 млн теңге. Нысанның жалпы ауданы 3 мың шаршы метрге жуықтайды.
Динара Жарқынбек
