Стамбұл көшелеріне Қазақстан туралы баннерлер қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбұл көшелеріне Қазақстан туралы баннерлер қойылды

08.02.2025

Түркияның ең ірі қаласы Стамбұл көшелеріне Қазақстан туралы ақпарат беретін баннерлер қойылды. Қазақстанның Бас консулдығының бастамасымен «Kazakhstan: Born Bold» кампаниясы аясында қаладағы 35 жерге еліміздің мәдениеті мен экономикалық әлеуеті туралы мағұлмат беретін смартбаннерлер орналастырылды. Осы жердегі QR код арқылы Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктері туралы ақпарат алуға болады. Бұл ақпараттық смарт баннерлер Стамбұл көшелерінде 2025 жылдың соңына дейін тұрады.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу