Әділбек Мұқажанов, Ұлттық ғылыми онкология орталығы басқарма төрағасының орынбасары:
Ол заңды түрде бекітілген. Адам скринингке баратын болса онда жұмыс берушісі оны жіберуі тиіс. Жылына 3 күн скрининг өтуге болады. Сол күндері жұмыс күндері ретінде есептелінеді. Адамның тексеруден өтемін деген ниеті болуы керек.
Қатерлі ісікті дер кезінде анықтау мақсатында осындай мүмкіндік қарастырылған. Жұмыстан 3 күн демалыс беріледі. Еңбек төлемі толықтай есептелінеді. Ал, барлық қызмет түрі тегін көрсетіледі.
Бірақ скрининг түрлері жатыр мойынының қатерлі ісігіне, сүт безінің обырына және тоқ ішектің қатерлі ісігіне қарастырылған. Бүгін Ұлттық ғылыми онкология орталығы БАҚ өкілдері мен журналистердің отбасыларға ашық есік күнін өткізді. Келгендерге ақпарат беріліп, олар денсаулығын тексерді. Жалпы мұндай ашық есік күні жиі ұйымдастырылып тұрады.
Самал Қабышева
