Астанада тілдер фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада тілдер фестивалі басталды

22.09.2017

Қалалық әкімдік мұрындық болған дәстүрлі шара мемлекеттік тілді ұлықтауға және Қазақстанда өмір сүретін халықтардың тілдеріне назар аударуға арналған.

Тілдер фестивалі биыл Астанада осымен 19-шы рет ұйымдастырылып отыр. Айтулы шара аясында бас қалада әртүрлі мәдени кештер өтіп жатыр. Жыл сайын тілдің тұғырын көтеретін байқауларға өзгерістер еніп отырады.

Фестивальдің бірден бір мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Сондықтан, жыл бойына осы бағытта талмай еңбек етіп, өзіндік үлесін қосқан майталмандарға арнайы марапаттар табысталды.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу