Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: Республика бойынша 400-ден астам шара өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: Республика бойынша 400-ден астам шара өтеді

05.02.2025

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында республика бойынша 400-ден астам іс-шара өтеді. Бұл туралы Достық үйінде өткен жиында белгілі болды. Басқосуда мерейтойлық шаралардың негізгі жоспары талқыланды. Жиынға Ассамблея Төрағасының орынбасары, Сенат депутаттары, қоғамдық құрылымдар мен республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары және сарапшылар қатысты. Биыл қаңтар-ақпан айларында 25 жоғары оқу орны мен сараптамалық орталықтарда 34 ғылыми-тәжірибелік конференция, дөңгелек үстел және семинар жоспарланған. Ал мерейтойлық шаралар 1 наурыздан, яғни Ассамблея құрылған күннен басталмақ.

Виталий Хмелевский, «Қазақстанның поляктар одағы» ЗТҚ төрағасы, «Polonia» Қарағанды облыстық поляк қоғамы ҚҚ төрағасы:

Барлық өңірде республикалық іс-шара өтеді. Арнайы жоспар бар. Ғылыми сараптамалық кеңес, ақсақалдар кеңесі, Ассамблея жастары, сондай-ақ медиаторлар ұйымдастырады. Қонақтар шақырылады. Басты назар ғылыми база мен сараптамалық пікір қалыптастыруға қойылмақ.

Темірлан Нұрсұлтан

Хабарламаларға жазылу