Алматыда Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Дүкенбай Досжанды еске алу кеші өтті. Оған сөз өнерінде есімі елге танымал ақын-жазушылар қатысты. Қаламгер тірі болғанда биыл 75 жасқа толар еді. Дегенмен, оның артында ұлағатты ұрпағы, өмір бойы көз майын тауысып жазған толымды еңбектері қалды. Дүкенбай Досжан - қазақ әдебиетінде өзіндік ерекше қолтаңбасы бар көркемсөз шеберлерінің бірі.
«Жусан иісі», «Отырар», «Фараби» секілді тарихи шығармалары оны бірден қара орман оқырманның құрметіне бөледі. Саналы ғұмырында 8 роман, 18 повесть, 100-ден астам әңгіме жазған. Оның шығармалары әлемнің 22 тіліне аударылған. Ол - әлемдегі оқырманы көп жапон тіліне тәржімаланған жалғыз қазақ жазушысы.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ