Ресейде бірнеше өңірде су деңгейі көтерілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде бірнеше өңірде су деңгейі көтерілген

31.01.2025

Ресейдің бірнеше өңірінде су деңгейі көтерілген. Салдарынан елдімекендерге қазірден қауіп төніп тұр. Ресейдің орталық бөлігіндегі Қорған, Түмен және Омбы облыстарында үйлерді су басу қаупі жоғары. Синоптиктер басты себеп желтоқсан айында қардың мол жаууы және 111 жылда болмаған күннің күрт жылынуы дейді. Сондықтан өзен сулары әдеттегіден үш ай бұрын арналарынан аса бастаған. Мамандардың айтуынша, ақпан айында күн жылынып кетсе, Орынбор облысын да су басуы ықтимал.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу