Алаштанушы Мұстафа Шоқайдың туғанына биыл 135 жыл. Осыған орай Астанада ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиын барысында ғалымның 60-тан астам зерттеу жұмысы сараптамаға жіберілгені белгілі болды. Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған Мұстафа Шоқай мен Мария Шоқайдың жанұялық мұрағатынан алынған фотосуреттер көрсетілді. Шараға Түркия университеттерінің профессорлары, ғылым докторлары қатысты.
Әбдімүтәлі Баяхов, Мұстафав Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары:
Содан кейін ол кісінің әлі де ашылмай жатқан еңбектерін ары қарай зерттеп зерделеу мақсатында жас мұстафатанушыларды тәрбиелеу, солардың көзін ашу. Мына өзіміздің қазақ тарихының жаңа беттеріне жаңадан мәліметтерді енгізу мақсатында осы конференция ұйымдастырылып жатыр.
Динара Жарқынбек