Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанға ерекше мәртебе беру туристерді тартуға жан-жақты мүмкіндік берді. Түркі жұртының рухани астанасы туралы Президент «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында да ерекше атап өтті. Қазір көне қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды өсіп, халықтың өмір сүру деңгейі жақсарып келеді. Тұрғындар саны 230 мыңнан асқан.
Соңғы екі жылда туризм саласына 74 млрд теңге инвестиция тартылып, мыңға тарта жұмыс орны ашылып, 13 жоба іске асырылмақ. Қонақ үйлер мен жаңа ғимараттар бой көтеруде. Бас жоспар бекітіліп, биыл бірқатар нысандар тапсырылады, деп күтілуде. Сонымен қатар сәулеті ерекше үлгідегі көрме орталығы мен этно-мұражайы, ұлттық филармония мен ипподром ашылмақ.
Мұхит Көшенов, Түркістан қаласының бас сәулетшісі:
Туристер үшін ерекше атап өтетін нәрсе қолөнершілер орталығы салынып жатыр. Оның құрылысы биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Есу каналының айналасындағы туристік нысандардың жобасы жасақталып жатыр. Осы аумақта аквапарк, сауықтыру нысандары жоспарланып жатыр.
Айнұр Әбілқасымқызы