Шетелдіктер Қазақстанға келмей-ақ ЖСН ала алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдіктер Қазақстанға келмей-ақ ЖСН ала алады

28.01.2025

Шетелдіктер Қазақстанға келмей-ақ, елшіліктер арқылы жеке сәйкестендіру нөмірін ала алады. Пилоттық жоба жылдың соңына дейін жүргізілмек. Аталған құжат 6 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Қолдау тапқан жағдайда, елшіліктер арқылы: әлеуетті инвесторлар, тауарлар мен дәрілік заттарды экспорттаушылар, Қазақстан азаматтарының жұбайы саналатын шетел азаматтары, ата-анасының бірі Қазақстан азаматы болып табылатын шет мемлекеттің балалары, 65 жастан асқан шетел азаматтары ЖСН алуға құқылы. Ал дипломатия өкілдері қажетті құжатты министрлік арқылы алады. Қызмет көрсету 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Ақниет Болтанова

Хабарламаларға жазылу