Ұлыбританияда «Герминия» дауылы елдің берекесін қашырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда «Герминия» дауылы елдің берекесін қашырды

27.01.2025

Ұлыбританияға «Эовин» дүлей дауылынан кейін «Герминия» келіп, жергілікті халықтың берекесін қашырды. Тұманды Альбионның кейбір аймақтарында қауіптілігі сары түсті ескерту жарияланды.

Метеорология қызметінің хабарлауынша, жойқын жел алдымен Испания мен Францияда басталып, кейін Англияға қарай ойысқан. Елдің оңтүстік батысында мыңдаған үй жарықсыз отыр.

Төпелеп жауған жауын су тасқынына ұласып, туристік маршруттардың ойранын шығарды, деген ақпарат бар.

Қатты желден ағаштар тамырымен жұлынып, жолда құлап жатыр. Тасқын судың салдарынан теміржол қатынасы тоқтап, пойыздардың қозғалысына кедергі келтірді. Ұшақтардың рейсі кейінге қалып, кейбірі тіпті доғарылды.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу