Қарағанды облысында «Тіл жанашыры» сыйлығы табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында «Тіл жанашыры» сыйлығы табысталды

14.09.2017

Бұл марапат мемлекеттік тіл саясатын насихаттап, оны іске асыруға белсене атсалысып жүрген азаматтарға беріледі.  Биылғы байқау  «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте», «Тіл жаршысы», «Үздік телехабар», «Мемлекеттік тіл бизнесте» сынды 7 номинация бойынша  өтті. Облыс аумағында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру және мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолдану аясын кеңейту үшін барлық мүмкіндіктер жасалған.

Осыдан 50 жыл бұрын Қарағандыда небәрі екі қазақ мектебі болса, бүгінде саны 70-тен асты. Ал, облыс бойынша мемлекеттік тілде тәлім-тәрбие беретін балабақшалар саны - 450-ге жеткен. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу