Ресейде жаңа төлем жүйесі іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде жаңа төлем жүйесі іске қосылды

21.01.2025

Ресейде жаңа төлем жүйесі іске қосылды. Орталық банк «Пейви» деп аталатын төлем жүйесін тіркеді. Оның қазіргі капиталы 20 млн рубльден асады. Бұл бірінші кезекте ТМД және БРИКС елдерімен есеп айырысуға арналған дейді мамандар. 2022 жылы Ресей «SWIFT» халықаралық төлем жүйесінен ажыратылып, өзге мемлекеттермен сауда-саттық жасау қиындай түскен еді. Мұнай мен газ сатудан қыруар қаражат түскенімен, экономикалық белсенділік төмендеп, бюджет тапшылығы ұлғайған.

Дмитрий Журавлев, сарапшы:

Ресейге салынып жатқан санкция толастар емес. Сондықтан экономикаға шектеу айтарлықтай әсер етеді деп ойламаймын. Себебі бұл біз үшін бірінші шектеулер емес. Эмбаргоны ескере отырып, Орталық банк жұмысын жалғастырады, жаңа төлем жүйелері әрі қарай жұмыс істеуі тиіс.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу