Нақтырақ айтсақ, салт-жоралғыларда пайдаланатын гүлсауыттар, мыс пышақтар мен тастан жасалған саймандар. Археологтардың айтуынша, құнды заттар Афанасьев мәдениетіне тиесілі. Біздің дәуірімізге дейінгі 3-мыңжылдықтағы бұйымдар деп топшыланып отыр. Алғашында археологтар бұл ерте сақ дәуірінің ескерткіштері деп болжады. Алайда, зерттей келе, қабірде Афанасьев мәдениетінің белгілері анықталды. «Нақтырақ айтқанда, ішкі құрылымы, жерлеу рәсімі мен бірге көмілген құралдар - барлығы осы дәуірге кеп саяды», - дейді профессор Әбдеш Толеубаев.
Зарина ҰЛЫҚБЕК
