Этноауыл кешенінде Оңтүстік Қазақстан облысы күндері аясында Құрбан айт мерекесі тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Этноауыл кешенінде Оңтүстік Қазақстан облысы күндері аясында Құрбан айт мерекесі тойланды

01.09.2017

Арнайы құрбан шалынып, 5 мыңдай адамға дастархан жайылды. 300 келі палау, 1 мың литр қымыз және өзге де тамақ түрлері таратылды. Сондай-ақ, келушілерге оңтүстіктің тәттілері тіл үйірер жеміс-жидектері мен қауын-қарбызы тегін үлестірілді. Шараның мақсаты - асыл дініміздің құндылығын арттырып, қазақ халқының дархандығы мен мәдениетін паш ету.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу