Түркияда қазақ киносының премьерасы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда қазақ киносының премьерасы болды

20.01.2025

Ыстанбұл қаласында «Жаным Қазақстан» фильмінің премьерасы өтті. Ыстанбұлдағы Бас консулдықтың ұйытқысымен өткен жаңа фильмнің көрсетіліміне Түркияда оқитын студенттер мен осы жақтағы қазақтар жиналды. Комедия жанрындағы фильм Қазақстанның әсем табиғаты мен бай мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған. Фильмде түрік қызы Әсие өзінің жаңа жобасы үшін Қазақстанның көрікті жерлерін аралап, бейнеролик түсіреді. Оған Қазақстанда танысқан досы Арман көмектеседі. Екеуі түрлі қиындықтарға тап болып, соңында бір біріне бауыр басып қалады. Жаңа фильмде Шарын шатқалы, Бозжыра, Қорғалжын көлі сияқты еліміздің ең көрікті жерлері әдемі көрсетілген. Фильм авторлары алдағы уақытта туындыны түрік тіліне аударуды жоспарлап отыр.

Абай Кәлім, Ыстанбұл университетінің магистранты:

Көп адам Қазақстанның әдемілігін білмейді. Бірақ осы фильмде Қазақстанның әдемі әр жерін көрсеткен, сондықтан  Ыстанбулдағы өз елін сағынған біршама адамға Қазақстанын есіне түсіріп, мемлекетіміздің қандай керемет екенін байқап-біліп, қадірлеп, бүгін төбеміз көкке жетті деп айта аламын.

Жасұлан Сейсенханов, фильмнің продюсері:

Бұл - менің бірінші жобам, киноиндустрияға алғашқы қадамым. Жалпы, айтқымыз келгені – Қазақстанда ата-бабамыздан қалған туристік жерімізді қолдап, ие болу. Оны дамыту. Қазақстанды туристік жағынан бір дәрежеге көтеру.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу