Астанада Ұлттық ұланның мұражайы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Ұлттық ұланның мұражайы ашылды

30.08.2017

Нысанның ашылу салтанатында сөз алған Ұлттық ұлан қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов айтулы шараның Конституция күнімен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Әрі биыл Ұлттық ұланның құрылғанына 25 жыл толып отыр. Мұражай жас ұрпақты патриоттық сезіммен тәрбиелеуге атсалысары хақ. Мұражай үш бөлімнен тұрады. Бірінші зал Ұлттық ұлан тарихына арналған. Екінші залға «Ұлттық ұлан - ел айбыны» деп ат қойлыған. Ал, үшінші залда сарбаздардың ерлігін паш ететін экспонаттар қойылған. 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу