Ақтау маңында құлаған Әзербайжан ұшағының қара жәшігі Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді. Ол ұшақты жасаған Бразилияға арнайы зерттеуге жіберілген еді. Көлік министрлігі борттағы өздігінен жазғыш құралдағы алынған ақпараттарды мамандар зерттеп жатқанын айтты. Барлық факті мен материал егжей-тегжейлі зерделенген соң, тергеу барысы туралы нақты ақпарат таратылады деді.
Ақниет Балтаева